Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде "Цифрлық мұғалім" жобасы іске қосылды. Жоба негізінен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларын қамтитын болады. Оқушылардың үлгерімін жақсартып, негізгі пәндерді тереңдетіп оқуға мүмкіндік береді. Облыс бойынша цифрлық мұғалімнен білім алатын оқушылар саны нақтыланды. Барлығы 200дей мектептен 1810 оқушы тіркелді. Осы оқушылар енді жоба аясында арнайы платформалар арқылы қосымша онлайн білім алады. Сабақ бес пән бойынша ұйымдастырылады. Математика, химия, физика, биология және Қазақстан тарихы пәндері. Жоба бойынша білім алу тегін.