Қыркүйектің алғашқы жексенбісі- ҚР мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күні. Бұл жолы өңірдегі алпауыт мұнай компаниясы "СНПС- Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы кәсіби мерекеде балаларға қуаныш сыйлады.

Кеңқияқ орта мектебіне демеушілік көрсетіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына қолдау танытты.

Жаңажол елді-мекенінде еңбек етіп жатқан компания жұмысшыларына концерт ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.