Михаил Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада "Кітап оқу- рухани кемелденудің көзі" атты апталық басталды. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы, білімнің қайнар көзі.
Шараның мақсаты жас оқырмандарға осы тәмсілді ұғындыру. Апталықтың ашылу салтанатына қатысқан балалар сурет арқылы ертегі кейіпкерлерін анықтау, шығармалардың аты мен авторын табу, мақал-мәтелдерді жалғастыру секілді сайыстарға қатысты.
Жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. Қазір бұл жерде 21 мыңнан астам кітап қоры сақтаулы. "Артық білім-кітапта" деп білетін 2500-ге тарта тұрақты оқырманы бар.