Шалқарда "Ауыл аманаты" жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Ерекшелігі өңірде мемлекет тарапынан берілетін 2,5 пайыздық несиемен қатар, тауарлық несие де қаралған.
Яғни тұрғындар жергілікті шаруа қожалықтарынан ешқандай кепілсіз мал ала алады. Халыққа мұндай мүмкіндік беріп отырған кәсіпкерлердің бірі - Кәмшат Төлеуова.