Мұғалжар ауданы бойынша су тасқыны кезінде барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалған. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр. Мұғалжар ауданы бойынша 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер мекеме үйлердің құрылыс жұмыстарын маусым айында бастады. Қазіргі таңда 14 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылысқа отандық материалдар алынуда.