Қобдалықтар Орынбор облысы Тұзтөбе қаласында “Құт қонған Қобда” атты мерекелік концерті өтті. Шара теміржолшылар күніне орай ұйымдастырылды. Концертке ауданның көркемөнерпаздары қатысты.
Бағдарламада мың бұралған билер, әуезді әндер, ұлттық өнерді дәріптейтін терме болды. Қазақ өнерін ерекше бағалаған Тұзтөбе халқы өз алғыстарын білдірді.
Айтып өтейік, жақында Түркия мемлекетінен бас жүлдемен оралған “Халықтық ұжым” “Қарлығаш” би ансамблі кештің көркіне айналды