Аймақта сыйымдылығы 381 мың тоннаны құрайтын лицензияланған 7 астық қабылдайтын кәсіпорын бар. Қазіргі уақытта нақ осы нысандарда биылғы егіс астығын қабылдауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Яғни, қоймалардың материалдық-техникалық базасы әзірленуде. Кәсіпорындар газ және дизель отынын пайдаланатын астық кептіргіш машиналармен жабдықталған. Кептіргіштердің техникалық жағдайлары жақсы.
Сондай-ақ, биыл астық шығымы жақсы болғандықтан, сала мамандары 450 мың тонна дәнді дақыл және 60 мың тоннаға жуық майлы дақылды аталған қоймаларда сақтауды көздеп отыр.