Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ біршама қызмет түрлерін үйде отырып-ақ пайдалануға болады. Бұл үшін Халыққа қызмет көрсету қосымшасы жұмыс істейді. 


Мобильді қосымша арқылы электронды кезек талонын, цифрлық қолтаңда алуға, мобильді азаматтар базасында нөмірді тіркеуге, сондай-ақ жәрдемақы рәсімдеуге болады. Бейнеқоңырау арқылы 79 түрлі қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған. 


Қосымша арқылы жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау келіп түскен. Сервис азаматтардың үйден шықпай қызмет алуы үшін өте ыңғайлы.