Облыста жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 856 дерегі тіркелген. Құзырлы орган өкілдерінің сөзінше, бұл дерек өткен жылмен салыстырғанда 25% төмендеген. Десе де, әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, сан соғып жатқандар әлі де бар. Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болғанын айтады.

Мәселен, қала тұрғыны ұлттық қауіпсіздік комитетінің атын жамылғандарға 25 миллион теңгесін қолды еткен. Алаяқтар мұнымен қоймай, «SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі жақын арада аяқталады» деп түрлі байланыс операторларының атын жамылады.

Енді бірі банк қызметкері ретінде хабарласып, уысына түсіреді. 9 айдың қорытындысы бойынша орта санаттағы 105 қылмыстық іс пен 52 ауыр санаттағы жымысқы әрекет әшкереленді.