Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің білім алушылары қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Қолөнер бұйымдарын, түрлі нан өнімдерін, тәтті шырын мен бәліштерін төмен бағада саудалады. Жәрмеңкеден түскен қаржы қайырымдылық мақсатта жұмсалады.