Қоғамдық көліктегі оқыс оқиғалар мен құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс шарасы жүріп жатыр.

Полиция қызметкерлері түнгі сағат 3-тер шамасында Шернияз көшесінің бойында такси белгісі бар автокөлікті тоқтатқан. Медициналық куәландыру жүргізушінің масаң күйде екенін көрсетті. 56 жастағы ер адам 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, ол 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.