Соңғы уақытта қараусыз малдың кесірінен жол апаты жиі тіркеліп, қайғылы оқиғалар азаймай тұр. Бұрындары «жоғары жылдамдықпен жүрді» деп көлік жүргізушілеріне кінә тағылса, қазір төрт түлігін бақпайтын мал иелеріне шағым көп. Жыл басынан бері облыс аумағында 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 23 адам жарақат алған. Тақырыпты тілші жалғастырсын.