Өнер әлемін әнмен әрлеген әжелер. Жастары 70-ке келсе де сахнада сән құрып, әнімен елді сүйсінткен ырғыздық "Шуақты әжелер" ансамблі. Онға жуық асыл анадан құралған топтың биыл өнер сахнасында жүргеніне 7 жыл! Салт-дәстүрімізді ұлықтап қана қоймай, ұлт тәрбиесіне де елеулі еңбек сіңіріп жүрген асыл әжелер туралы келесі сюжетте.