Бүгін– Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматологтардың мерекесі. Бұл күн бекерден бекер таңдалмаса керек. Осыдан 178 жыл бұрын, 16-қазанда тіс дәрігері Томас Мортон алғаш рет эфирлік анестезия көмегімен ота жасаған. Содан бері ауырсынуды басатын анестезия медицинада кең етек жая бастады. Менің әріптестерім жауапкершілігі жоғары ақ халатты абзал жандардың жұмысын көріп келді.