Оймауыт ауылында мектеп-балабақша, Қандыағашта мектеп, Әйке ауылында спорт кешені, Шұбарқұдықта бассейн құрылысында қиындықтар бар.

Үнемі уәде беріп, бірақ сол уәдесін орындай алмаған мердігерлер бұл жолы тағы уақыт сұрады. Бірақ уақыт тапшы. Құрылыс дер кезінде аяқталуы тиіс. Облыс әкімі мердігерлерді жиып, ескерту берді.

Бір жыл бұрын айтқан сөзін қайталаған құрылыс компаниясының басшысына келісімшартты үзетінін айтып, қоштасты.