Тұрғын үй мәселесі облыс орталығында да, ауданда да кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен Әйтеке би ауданында көктемгі су тасқыны кезінде баспанасынан айырылған тұрғындар жаңа үйге көшті. Сонымен бірге тұрғын үй құрылыс жұмыстары Темірбек Жүргенов ауылында әлі де жүріп жатыр. Мұнда сегіз пәтерлі екі үй бой көтерді. Пәтерлер - әлеуметтік жағдайы төмен, баспана кезегіндегі аудан тұрғындарына үлестіріледі.