Олар үшін ерлік істеу - күнделікті жұмыс. Олар үнемі қауіп қатердің ортасында жүреді. Әңгіме өрт сөндірушілер жайында. Аталған мамандықты таңдаған жандардың бірі - Еркеболат Өтеген. 19 қазан, құтқарушылар күні қарсаңында арнамыздың түсірілім тобы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерімен кездесті.