30 шілде - Халықаралық достық күні! Осыған орай Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өңірдегі өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті.

Тағлымды шарада корей, шешен, славян қауымдастықтарының өкілдері бас қосты. Олар ұлттар мәдениеті төңірегінде сөз өрбітіп, дәстүрлі әндерін шырқады.