Бүгін - Рәміздер күні. Бұл мереке егемендігіміздің басты нышандары – Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметті арттырып, отансүйгіштік сезімді ұлықтайды. Айтулы мереке орай өңір жастары "Менің елім - менің туым" акциясын қолға алды. Оның аясында қаламыздың көрнекті жерлері мен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға ту ілінді. Басты мақсаты - тарихи мерекенің құндылығын ұлықтау, әрбір азаматтың жүрегіне патриоттық сезім ұялату. Қоғамдағы ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайту. Айта кетейік, аталмыш акция «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен қолға алынуда.