Соңғы төрт күнде Ақтөбеде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті. Жаңбырлы ауа райы алдағы күндері де сақталады. Сондай-ақ екпінді жел күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, маусым айының ортасына таман жауын-шашын мөлшері біртіндеп азая бастайды. Ертең облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, түнде кей жерлерде жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 9-14 градус, күндіз 18-23 градус жылы болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде сынап бағанасы 26 градусқа дейін көтеріледі. Соңғы күндері толассыз жауған нөсер жауынға екі бірдей циклонның әсері бар, дейді мамандар.