Облыста құрылыс компаниялары 540-тан астам үлескерге жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Бұл мәселені шешуде Ақтөбе құрылыс компаниясы екі нұсқаны қарастырады. Бірінде инвестор тартылса, екіншісінде бюджеттен қаржы бөлінеді. Жыл соңына дейін компания инвесторлардың қаражаты есебінен 268 пәтер құрылысын аяқтауды көздеп отыр.