Шалқар қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Ханталапай» ұлттық ойындар сайысы өтті. Оны аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Атамекен» студенттер құрылыс отрядының бірлесе ұйымдастырған .


Мақсат - жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттап, ұрпақ санасына патриоттық тәрбиені сіңіру, қазақы құндылығымызды жаңғырту. Жастар арасындағы достықты нығайту да маңызды. Спорттық шарада Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов сөз алып, жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы жоғары екенін айтып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.