10 шілде - Ветеринария саласының қызметкерлері күні. Мерекеге орай сала мамандары алғысқа бөленді.

Жайшылықта еңбегі көзге көрінбейтін қарапайым қызметкерлер облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының, сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрінің атынан марапат алды.

Салтанатты шараға аудан, ауыл-аймақта қызмет ететін ветеринар мамандар шақырту алған.