Қалада «Саусақтар сөйлейді» ымдау тілін оқыту курсынан өткендерге сертификат табысталды. Курстың алғашқы маусымына есту қабілеті бұзылған балалардың ата-аналары, еріктілер, жұмыссыздар мен бірқатар мекеме қызметкерлері қатысқан. Осылайша, 15-тен астам білім алушы өңірдегі кәсіби сурдо аудармашылардан шеберлік сабақтарын үйренген. Енді ұйымдастырушылар шілденің 11-нен бастап курстың екінші маусымы бастауды жоспарлап отыр.