Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 42 отбасы баспаналы болды. Аудан орталығы Қандыағаш қаласында өткен салтанатты іс-шарада Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов тұрғындарға баспана кілтін салтанатты түрде табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.