ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ
Иә, жыл сайын полиция күнінде өмірден өткен қызметкерлерге міндетті түрде құрмет көрсетіледі. Олардың есімі ұмытылмайды.
Жалпы 32 жыл ішінде елімізде ішкі істер саласының 817 қызметкері қызмет барысында мерт болды. Оның 9-ы ақтөбелік. Солардың бірі - Руслан Жолдыбаев.
Бүгін ерлікпен қаза тапқан полицейдің мектебінде бір кабинетке батырдың аты берілді. Онда оқитындар бұдан былай кадет класы болмақ.