Өңірге жұмыс сапарымен энергетика вице-министрі келді.

Тұрғындармен кездесу барысында Ерлан Ақкенженовке бірқатар маңызды сауал қойылды. Көпшіліктің көкейіндегі негізгі мәселе - тарифтердің бағасы. Себебі жарыққа төлейтін сома кәсіп жасауға қолайсыз. Тұрғындардың өтінішін арнамыздың түсірілім тобы да тыңдап келді.