Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 160 мың гектар жер мақсатты пайдаланылмаған. Бұл факті арнайы тексеріс нәтижесінде анықталып отыр. Қазірге дейін жалпы ауданы 129 мың гектар болатын 120 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қалғандары бойынша да тиісті шаралар қабылданып жатыр. Ұзақ уақыт бойы бос жатқан жер учаскелерін кері қайтару жұмыстары әлі де жалғасады.