Теміржол қауіпті аймақ! Өңірде теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан оқыс оқиғалар жиілеген. Осыған орай маусымның 1-і мен 10-ы аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған жұмыстың нәтижесінде теміржол аймағына жақын орналасқан тұрғын үйлерге бүктеме қағаздар таратылып, ақтөбеліктерге ескертулер жасалды.