Шалқар қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Жаңа мекемеде психолог, заңгер сынды 8 адам тұрақты жұмыс істейді.
Мекеме әлеуметтік санатқа жататын және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсетеді. Жаңа орталықтың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жанболат Жидехановтың айтуынша, ауданда 11 мыңнан астам отбасы бар.
Оның 8 мыңы Шалқар қаласында, 3 мыңға жуығы ауылдық округтерде тұрады.