Жыл басынан бері өңірде 114 адам кене шағу дерегімен медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында зардап шеккендердің табиғатта, саяжайларда, бау-бақшаларда болғаны анықталды. Айта кетейік, кене жәндігі арқылы түрлі вирустар тарайды. Сәйкесінше, жұқпалы ауруларға алып келеді. Осы ретте өңірдегі эпидемиолог мамандар, кене энцефалитінен қорғану шаралары мен , сақтану жолдарын түсіндірді.