"Жолда ұйықтап қалма". Жол-көлік апатының алдын алу үшін мамандар осындай акциясы ұйымдастырды. Жол мамандары полицейлермен бірлесіп, көлік тізгіндегендер мен жолаушыларға ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді. Әсіресе алыс жолда апталап жүретін шетел азаматтары мен ауыр жүк көлігін басқарған жүргізушілер назарға алынды.