Астана ауданы әкімдігі балалар күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырды. Оған ауданға қарасты 42 мектептің 50 оқушысы қатысты. Алдымен қалалық оқушылар сарайы өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалап, аудан басшылығының құттықтауын қабылдады. Әр балаға арнайы сый-сияпат үлестірілді. 1 маусымға дейін мұндай шаралар әлі де жалғасады деді-ұйымдастырушылар.