Шахматтан «Senat Open» турнирі өтті. Турнирді Қазақстан шахмат федерациясы Парламент Сенатының қолдауымен ұйымдастырды. Сайысқа облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, бұрынғы шақырылым депутаттары қатысты. Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады. Айта кету керек, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен өткізілген турнирдің мақсаты — шахматты жалпыхалықтық спорт түріне айналдыру, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу.