Өңірде қоғамдық штаб өз жұмысын бастады. Басты мақсат – су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету.

Бұл ұйымға мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы, қоғамдық кеңес мүшелері, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен медиаторлар күш біріктірді.

Қоғамдық штабтың жұмысын әріптесім Ботакөз Сахитжанова көріп келді.