ҚҰЙЛЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЭВАКУАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
Қазіргі кезде Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында эвакуациялау жұмысы басталды. Адамдардың бір тобы тікұшақпен аудан орталығына жеткізілді.
Оның бәрі зейнеткерлер мен балалы әйелдер. Жалпы мұнда 500-ден астам адам тұрады.
Ер адамдардың бәрі өзен жағасын бекітуге жұмылдырылған.