"Жасыл Байғанин" еріктілер қозғалысы құрылды. Ондағы жастар ауыл көшелеріне көшет отырғызып, санитарлық тазалау жұмыстарына атсалысты. Әзірге топ құрамында 20 адам бар. Ауылының экоахуалына бейжай қарамаған жастарға аудан әкімі Айбек Көпенов алғыс білдірді. Сонымен қатар, ауданда "Таза Байғанин" сайысы басталды.


Конкурс «Үздік ауыл» , «Үздік көше» , «Үздік мекеме» ,«Үздік аула» аталымдары бойынша өтеді. Конкурсқа өтінім тапсыру 11 сәуір мен 8 маусым аралығын қамтиды.