Төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылған мәдени іс-шараларға дайындық басталды. 19-шы сәуірде фортепиано кеші өтеді. Ал мамырдың 21-і "Мәдениет және өнер қызметкерлері күні" атап өтіледі. Бұл күні де тұрғындар түрлі мәдени шаралардың куәсі бола алады. Сонымен қатар, облыстық филармонияның камералық хор ұжымы шет елдерге бірнеше іс-сапар жоспарлап отыр.