Демалыста сенбілікке қоса Көшеттер жәрмеңкесі өтті. Шараға 15 шаруа қожалығы қатысты. Сонымен қатар, Ақтөбе,Қобда және Темір орман шаруашылығы мекемелері де өнімдерін ұсынды.

Тұрғындар тек көшет сатып алып қана қоймай, бағбандардан талды өсіруге қатысты түрлі кеңес алды.