Биыл өңірде 14 мектеп қолданысқа беріледі. Оның бесеуі жаңа оқу жылында ашылуы тиіс. Ал өзгесіндегі құрылыс жыл соңына дейін аяқталады. Жалпы облыста «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында 18 мектеп пен 24 медициналық мекеме салынады.