"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Таза қала - таза жағалау" атты экологиялық науқан өтті. Студент жастар Көктем тұрғын алабындағы Елек өзені жағалауын тазалады. 


Акцияны ұйымдастыруға облыстық "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздары ұйытқы болды. Қаланың тазалығына үлес қосқан жастар бірнеше тонна қоқыс шығарды.