Темір ауданы Жақсымай ауылда “Анаға тағзым” атты аудандық аналар форумы өтті. Шараға Аналар кеңесінің өкілдері, мүшелері қатысты. Онда атқарылған жұмыс, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұралы да қатысып, аналар кеңесі жұмысының маңыздылығына тоқталып, марапаттау рәсімін өткізді.
Қазіргі таңда аудан бойынша 212 «Алтын алқа», 436 «Күміс алқа» иегері мен 36 «Батыр Ана» бар. Аудан әкімдігі жанынан құрылған «Аналар кеңесі» жұмысын тұрақты жүргізіп келеді. Кеңес құрамында қоғамдық ұйым өкілдері, білім беру, мәдениет, спорт, құқық қорғау салаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер бар. Айтып өтейік, шарада республикаға танымал ақын Ершат Қайболдин аналарға өзінің арнауын жеткізді. Әжелер ансамблі де өнер көрсетті