4 ауылдық округте және 1 аудандық маңызы бар қалада әкім сайлауы өтті. Олар Ойыл ауданына қарасты Қайыңды, Сарбие, Қараой, Қобда ауданына қарасты Білтабанов елдімекендері және Шалқар қаласы. Қайта сайлауға түскен Білтабанов және Қараой ауылдарының әкімі өз орнын сақтап қалды. Тұрғындардың қатысымына келер болсақ, барлық сайлау округтеріндегі халықтың 43 пайызға жуығы дауыс берген