Елдімекендерде елеулі еңбек етіп жүрген әйелдер бас қосты. Жүздей нәзік жан қатысқан жиында қоғамдағы әйелдердің рөлі талқыланып, оларды кәсіпке баулудың ұтымды жолдары айтылды. Аталмыш шараға «AMANAT» партиясының әйелдер қанаты мұрындық болды.