Астана ауданының тазалығына бес мердігер мекеме жауапты. 8 аумақ бойынша санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қазір жаяу жүргінші жолдары мен аялдамаларды жуып тазалау жұмыстарына кірісті. Қоқыс контейнерлерін сырлап, сынғандарын жаңасына ауыстыруда. Мамыр айы басталғалы қала көшелері мен саябақтарды арам шөптерден арылту жұмыстары қызу жүріп жатыр.