Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге астанадан кезекті гуманитарлық көмек келді.

Бұл жолғы игі істі: "Тәуелсіз Қазақстанның халық батырлары" республикалық қоғамдық бірлестігі жасап отыр. Ал қажетті тауарды мұқтаж жандарға үлестіруді өңірдегі филиал мүшелері жүзеге асырмақ.