Негізгі Жаңалықтар ИНВЕСТОРЛАР ШЫНЫ ЗАУЫТЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

ИНВЕСТОРЛАР ШЫНЫ ЗАУЫТЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Өңірде шыны зауыты салынуы мүмкін. «Тастай Девелопмент» серіктестігінің өкілдері осындай ұсынысын жеткізді. Өңір басшысы Асхат Шахаров аталған компанияның Бас директоры Қайрат Қырымовпен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың егжей-тегжейін талқылады. Зауыттың ауданы 100 мың шаршы метрді құрайды. Оны іске қосқанда 500 жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, кәсіпкер Ақтөбеде сауда ойын-сауық орталығы мен қонақ үй салу туралы ұсынысын айтты.


Бөлісу