Қалада үйіне су кірген тұрғындардан өтініш қабылдау мерзімі аяқталды. Енді комиссия материалдық шығынды есептеумен айналысады. Айта кетейік, Астана ауданы бойынша 108 адам үйім суға кетті деп шағымданған. Комиссия оның 49-ын мақұлдап, бүгінгі күні оның 39-ына материалдық шығын төленді. Ал, Алматы ауданы бойынша 3336 өтінім келіп түскен. 101 адамға төлем берілді. Алматы ауданы бойынша шығынды есептеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.