Облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Нұржан Жетпісбайдың "Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс" атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап таныстырылымына ғалымдар мен тарихшылар, кітапсүйер оқырман қатысты. Автор тарихымыздағы күрескер тұлғаның есімін ұлықтап, жас ұрпақты ұлтжанды болуға үндейді.