Тасқыннан зардап шеккен өңірлерді рухани қолдау мақсатында Музыкалық жас көрермен театры өнер сапарына шықты. Астаналық өнер ұжымының алғашқы аялдамасы - Ақтөбе. Актерлар 26 сәуірден бері қойылым көрсетіп жатыр. Бүгін кешкі сағат 19:00-де Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында "Қоштасқым келмейді" музыкалық драмасы көрерменге ұсынылады. Театр ауылдағы көрерменге де барады